HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Бірнеше факторлар басып шығарылған түстерді монитордағылармен сəйкестендіретін
мүмкіндігіңізге ықпал ете алады. Бұл факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:
●
Қағаз
●
Принтер бояғыштары (мысалы, сиялар не тонерлер)
●
Басып шығару үрдісі (мысалы, сиялы, баспалы не лазерлі технологиялы)
●
Үстіңгі жарық
●
Түс қабылдаудағы жеке айырмашылықтар
●
Бағдарламалар
●
Принтер драйверлері
●
Компьютердің операциялық жүйесі
●
Мониторлар мен монитор параметрлері
●
Бейне карталар мен дра
йверлер
●
Жұмыс ортасы (мыс
алы, ылғалдылық)
Жағдайлардың көпшілігі үшін экраныңыздағы түстерді басып шығарылған бетке сəйкестендірудің
ең жақсы əдісі — sRGB түстерін басып шығару.
Үлгілер кітабының түсін сəйкестендіру
Өнімді шығаруды басып шығарылып қойған үлгілер кітаптары мен стандартты түс сілтемелерімен
сəйкестендіру үрдісі күрделі. Жалпы алғанда, үлгілер кітабын жасауға пайдаланылатын сиялар
көгілдір, ашық қызыл, сары жəне қара болса, үлгілер кітабымен өте жақсы сəйкестендіруіңізге
болады. Бұларға əдетте өңдеу түстерінің үлгілер кітаптары ретінде сілтеме жасалады.
Кейбір үлгілер кітаптары түс бояуларынан жасалады. Түс бояулары арнайы жасалған бояғыш
тар
болып табылады. Бұл түс бояуларының көпшілігі өнімнің сыртында болады. Көптеген түс
бояларының үлгілер кітабы түс бояуларына CMYK сəйкестіктерін беретін ұқсас өңдеу үлгілер
кітаптарын қамтиды.
Көптеген өңдеу үлгілер кітаптары үлгілер кітаптарын басып шығаруға пайдаланылған өңдеу
стандарттарын анықтайды. Көбінесе олар SWOP, EURO немесе DIC болады. Өңдеу үлгілер
кітабына сəйкес келетін оңтайлы түс алу үшін өнімнің мəзірінен лайықты сия эмул
яциясын
таңдаңыз. Егер өңдеу ст
андартын көрсете алмасаңыз, SWOP сия эмуляциясын пайдаланыңыз.
Түс үлгілерін басып шығару
Түс үлгілерін пайдалану үшін қажетті түске жақын сəйкес келетін түс үлгісін таңдаңыз.
Сəйкестендіргіңіз келетін нысанды сипаттау үшін бағдарламаңыздағы үлгінің түс мəнін
пайдаланыңыз. Басып шығарылған түстер пайдаланылатын қағаз түрі мен бағдарламаға
байланысты өзгеріп отырады.
100 Бап 5 Басып шығару KKWW










