HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

HP ePrint бағдарламалық құралын пайдалану
HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен немесе
ноутбуктен басып шығаруды оңай етеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін,
қолданбадан Басып шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint
тармағын таңдаңыз. Бұл бағдарламалық құрал ePrintCenter тіркелгісіне тіркелген HP ePrint
қосылған өнімдерді табуды оңай етеді. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында
болуы мүмкін, мысалы, филиал кеңсесі немесе дүн
ие жүз
індеИнтернетті пайдалана отырып
қашықтан басып шығара аласыз. Мақсатты өнім дүниенің кез келген бөлігінде бола алады, егер
ол интернетке қосылған жəне ePrintCenter есептік жазбасында тіркелген болса, басып шығару
тапсырмасын өнімге жібере аласыз.
Windows жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы сонымен бірге қолдау көрсетілетін
PostScript® өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дəстүрлі
тікелей IP басып шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақ
паратты ал
у үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер
Windows® XP (32 биттік, SP 2 немесе жоғары)
ЕСКЕРІМ: Майкрософт Windows XP жүйесін негізгі қолдауды 2009 жылдың сəуірінде
тоқтатты. HP тоқтатылған XP амалдық жүйесін қолдау үшін күш салуды жалғастырады.
Windows Vista® (32 биттік жəне 64 биттік)
Windows 7 (32 биттік жəне 64 биттік)
Mac OS X 10.6 жəне 10.7 нұсқасы
ЕСКЕРІМ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің
қызметтік бағдарламасы жəне техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac жүйесі үшін
HP ePrint бағдарламалық құралы басып шығару жолдарын тек ePrintcenter арқылы қолдайды
жəне жергілікті желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
108 Бап 5 Басып шығару KKWW