HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Көшіру үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін
қолдану
Өнімді пайдаланып сканерленген суреттерді бірнеше жолмен жақсартуға болады.
Көшірмелердің анықтығын реттеу
Кескінді айқынырақ немесе жұмсағырақ ету үшін Sharpness (Айқындық) параметрін реттеңіз.
Мысалы, айқындықты арттыру мəтіннің анық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ оны төмендету
фотосуреттерді жұқалау етіп көрсетуі мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Айқындықты төмендету үшін Sharpness (Айқындық) слайдерін солға қарай сырғытыңыз
немесе айқындықты арттыру үшін оны оң жаққа сырғытыңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
5. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Көшірмелер үшін жиектерді өшіру
Қара жиектер немесе степлер белгілері сияқты таңбаларды жою үшін сканерленген суреттің
жиектерін тазалау арқылы Ұштарды өшіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Ұштарды өшіру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Қажет болса, Дюймді пайдалану немесе Миллиметрді пайдалану құсбелгісін қойып, өлшем
бірлігін өзгертіңіз.
4. Тазартылатын суреттің ұшы үшін өрісті түртіп, одан кейін тазарту үшін беттің ұшынан
қашықтықты енгізіңіз. Осы қадамды тазартылатын əрбір ұш үшін қайталаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
6. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Көшірмелердің түсін автоматты түрде анықтау
Өнім сканерленген суреттер үшін қолданатын түс параметрлерін реттеу үшін Түсті/қара
мүмкіндігін қолданыңыз. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:
118 Бап 6 Көшіру KKWW