HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Автоматты анықтау Құрал беттердің түсті қамтитынын анықтайды жəне суреттерді алдын ала
қарайды. Беттерде түс болса, құрал түсті суретті жасайды. Беттерде түс
болмаса, құрал ақ-қара суретті не сұр реңктегі суретті жасайды. Ақ-қара жəне
сұр реңкті суреттерде түсті суреттерге қарағанда кішірек файл өлшемі
болады.
Бұл əдепкі параметр болып табылады.
Түс Өнім əрқашан түсті сурет жа
сайды.
Қара Өн
ім əрқашан сұр көлеңкелерсіз тек ақ- қара түсте жасайды.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Түсті/қара түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Опциялар тізімінен тиісті түс параметрін таңдаңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
5. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Көшірмелер үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Əр бет үшін жеке күңгірттік, контраст жəне фонды тазарту параметрлерін автоматты түрде реттеу
үшін құралды конфигурациялауға болады. Мысалы, түпнұсқа құжатта басқалардан ашығырақ
кейбір беттер болса, нəтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер үшін біркелкілеу
күңгірттік параметрі болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру түймешігін түртіңіз.
2. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
3. Оны таңдау үшін, Автоматты сигнал құсбелгісін қойыңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
5. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
KKWW Көшіру үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 119