HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

4. Құжат файл түрі түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Опциялар тізімінен құжат файл түрін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
PDF: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін жəне мəтін сапасын қамтамасыз етеді. PDF
файлдарын көру үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
JPEG: Бұл файл түрікөптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген
компьютерлерде .JPEG файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
TIFF: Бұл
көптеген сызбалық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл файл
түрі бір бетке бір файл шығарады.
MTIFF: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті
бір файлға сақтайды.
XPS: XPS (XML Paper Specification) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын
XAML файлын жасайды жəне түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
PDF/A: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұра
ғаттауға арналған PDF түрі.
Құжаттағы пішім ақпаратының барлығы тəуелсіз болады.
Мəтін немесе суреттер үшін сканерленген суреттерді оңтайландыру
Сканерленетін сурет түріне арналған сканерлеуді оңтайландыру: мəтін, сызбалар немесе
фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Optimize Text/Picture (Мəтінді/суретті оңтайландыру) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Алдын ала анықталған опциялардың бірін таңдаңыз немесе Қолмен реттеу түймешігін
түртіңіз жəне Optimize For (Оңтайландыру) аймағындағы жүгірткіні реттеңіз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
KKWW Сканерлеу үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 149