HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Сканерлеу үшін жиектерді өшіру
Қара жиектер немесе степлер белгілері сияқты таңбаларды жою үшін сканерленген суреттің
жиектерін тазалау арқылы Ұштарды өшіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Ұштарды өшіру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Қажет болса, Дюймді пайдалану немесе Миллиметрді пайдалану құсбелгісін қойып, өлшем
бірлігін өзгертіңіз.
6. Тазартылатын суреттің ұшы үшін өрісті түртіп, одан кейін тазарту үшін беттің ұшынан
қашықтықты енгізіңіз. Осы қадамды тазартылатын əрбір ұш үшін қайталаңыз.
7. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
8. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Сканерлеу үшін Тапсырма құру режимін қолдану
Тапсырмаларды құру мүмкіндігін түпнұсқа құжаттардың бірнеше жиынын бір сканерлеу
тапсырмасына біріктіру үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті құжат бергіш бір уақытта
сыйдыра алатыннан көбірек беттері бар түпнұсқа құжатты сканерлеу үшін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3. Экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Тапсырмаларды құру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Бастау түймешігін түртіңіз. Əрбір бет сканерленгеннен кейін немесе құжат беру құралы
бос болғанда, басқару тақтасы көбірек бет салуды ескертеді.
6. Егер тапсырмада қосымша беттер болса, келесі бетті салыңыз да, Сканерлеу түймешігін
түртіңіз.
Өнім сканерленген суреттердің бəрін уақытша сақтайды. Тапсырманы аяқтау үшін, Аяқтау
түймешігін түртіңіз.
KKWW Сканерлеу үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 155










