HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Сканерлеу үшін бос беттерді болдырмау
Өнімге бастапқы құжаттағы бос беттерді сканерленген суретке қоспауға нұсқау беруге болады.
Бұл мүмкіндік екі жақта да басып шығарылатын беттерді сканерлегенде пайдалы, сонда
құжаттағы бос беттерді жоюға болады. Əдепкіде, өнім сканерленген суреттердегі барлық беттерді
қамтиды. Бос беттерді болдырмау үшін төмендегі іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экранда пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің
түймешігіне жыл
жып ба
рып, түртіңіз.
2. Бірінші экрандағы пайдаланылатын сканерлеу/жіберу мүмкіндігінің тиісті жолдарын
толтырыңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Бос беттер тастап кету түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Қосулы опциясын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
156 Бап 7 Сканерлеу/жіберу KKWW