HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Төмендегідей стандартты файл түрлерін пайдалануға болады:
●
PDF: Бұл файл түрі үздік жалпы кескін жəне мəтін сапасын қамтамасыз етеді. PDF
файлдарын көру үшін Adobe® Acrobat® Reader бағдарламалық құралы қажет.
●
JPEG: Бұл файл түрі — көптеген сызбалар үшін жақсы таңдау. Көптеген
компьютерлерде .JPEG файлдарын көруге болатын шолғыш болады. Бұл файл түрі бір
бетке бір файл шығарады.
●
TIFF: Бұл — көптеген сызб
алық бағдарламалар қолдайтын стандартты файл түрі. Бұл файл
түрі бір бетке бір файл шығарады.
●
MTIFF: MTIFF көп бетті TIFF дегенді білдіреді. Бұл файл түрі бірненше сканерленген бетті
бір файлға сақтайды.
●
XPS: XPS (XML Paper Specification) пішімі құжаттың бастапқы пішімдерін сақтап қалатын
XAML файлын жасайды жəне түс графикасы мен енгізілген қаріптерді қолдайды.
●
PDF/A: PDF/A — электрондық құжаттарды ұзақ мерзімге мұрағаттауға ар
налған PDF түрі.
Құжаттағы пішім ақпаратының барлығы тəуелсіз болады.
Сондай-ақ, бұұл өнім келесі OCR файл түрлерін қолдайды:
●
Мəтін (OCR): Мəтін (OCR) түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды
(OCR) пайдалана отырып мəтіндік файлды жасайды. Мəтіндік файлды кез келген мəтінді
өңдеу бағдарламасында ашуға болады. Түпнұсқаның пішімдеуі бұл опцияны пайдаланып
сақталмайды.
●
Юникод мəтіні (OCR): Юникод мəтіні (OCR) — мəтінді үйлесімді көрсету жəне өзгер
ту үшін
пайдаланылатын салалық стандарт. Бұл файл түрі халықаралық ету жəне локализациялау
үшін пайдалы.
●
RTF (OCR): RTF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды
(OCR) пайдалана отырып RTF файлын жасайды. RTF — мəтінді өңдеу бағдарламаларының
көпшілігі арқылы ашуға болатын баламалы мəтін пішімі. Бұл опцияны пайдаланғанда,
түпнұсқаның біраз пішімдеуі сақталады.
●
Ізделетін PDF (OCR): Іздеуге болатын PDF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңба
л
арды
оптикалық тануды (OCR) пайдалана отырып іздеуге болатын PDF файлын жасайды. Құжат
осылайша сканерленгенде, PDF файлында белгілі бір сөздерді немесе фразаларды іздеу
үшін Adobe Acrobat® Reader бағдарламасының іздеу құралдарын пайдалануға болады.
●
Ізделетін PDF/A (OCR): Іздеуге болатын PDF/A (OCR) — мазмұнды іздеуге мүмкіндік беретін
құжат құрылымы туралы ақпаратты қамтитын PDF/A файлының түрі.
●
HTML (OCR): HTML (OCR) бастапқы құжаттың мазмұнын қамтитын HTML файлын жасайды.
HTML файлдарды веб-беттерде көрсету үшін пайдаланылады.
●
CSV (OCR):
CSV (OCR)
— үтір бөлгіштері бар мəндерді қамтитын жалпы мəтіндік файл
пішімі. Бұл файл түрін мəтінді өңдеу, электрондық кесте немесе дерекқор
бағдарламаларының көпшілігі арқылы ашуға болады.
Сканерлеу үшін бетті автоматты түрде қию
Өнім сканерленген суретті өлшемі бастапқы құжатпен бірдей болатындай қиып ала алады немесе
бастапқы құжаттан анықталған мазмұн өлшеміне суретті қиып ала алады.
158 Бап 7 Сканерлеу/жіберу KKWW










