HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Жылдам орнату мүмкіндігі арқылы құжаттарды
сканерлеу жəне жіберу
Төмендегідей сканерлеу/жіберу мүмкіндіктерінің алдын ала орнатылған опцияларына жылдам
қол жеткізу үшін Жылдам орнату мүмкіндігін қолданыңыз.
●
Электрондық пошта
●
Желілік қалтаға сақтау
●
USB құрылғысына сақтау
●
SharePoint® құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
Өнімнің əкімшісі басқару панелінің Басты экранындағы Жылдам орнату мəзірінде пайдалануға
болатын Жылдам орнатуларды жасау үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланса болады.
Жылдам орнату жасау
1. Веб-шолғышты ашыңыз да, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Сканерлеу/сандық жіберу (Сканирование/
цифровая отправка) қойындысын басыңыз.
3. Терезенің сол жақ аймағындағы мына сканерлеу/жіберу сілтемелерінің бірін басыңыз:
●
Электрондық пошта параметрлерін орнату (Настройка электронной почты)
●
Желілік қалтаға сақтау параметрлерін орнату (Настройка сохранения в сетевую
папку)
●
Sha
rePoint®
құрылғысына сақтау (Сохранить на устройстве SharePoint®)
●
USB құрылғысына сақтау параметрлерін орнату (Настройка сохранения на USB-
устройство)
4. Жылдам орнату жасау үшін, Жылдам орнатуаймағындағы Қосу түймешігін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдын ала орнатылған Жылдам орнатуды пайдалану
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Жылдам орнату түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Өнім əкімшісінің Жылдам орнатуды тікелей Басты экранға орналастыруға
мүмкіндігі бар. Ондай жағдайда, Жылдам орнату түймешігінің орнына нақты Жылдам
орнатудың түймешігін түртіңіз.
2. Қолданылатын Жылдам орнатудың атын түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Жылдам орнатулар əр сканерлеу/жіберу мүмкіндігіне сəйкес келетін түстермен
кодталады. Мысалы, Электрондық пошта жылдам орнатуларының Жылдам орнату атының
артында Электрондық пошта мүмкіндігінің атының артындағы жасыл жолаққа сəйкес келетін
жасыл жолақ бар.
3. Қандай да бір қажетті параметрлерді реттеп, тапсырманы аяқтау үшін Бастау түймешігін
түртіңіз.
164 Бап 7 Сканерлеу/жіберу KKWW










