HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Электрондық поштаны жіберу үшін мекенжайлық
кітапты пайдалану
Мекенжайлық кітапты пайдалана отырып, алушылар тізіміне электрондық пошта жіберуге
болады. Өнім қалай конфигурацияланғанына байланысты сізде төмендегі мекенжайлық кітапты
көру опцияларының біреуі болуы мүмкін.
●
Барлық контактілер: сізге қол жетімді контактілердің барлығын тізеді.
●
Personal Contacts (Жеке контактілер): пайдаланушы атыңызбен байланысты контактілердің
барлығын тізеді. Бұл контактілер өнімді пайдаланатын басқа адамдарға көрінбейді.
ЕСКЕРІМ: Personal Contacts (Жеке контактілер) тізімін көру үшін өнімге кірген болуыңыз
керек.
●
Жергілікті контактілер: Өнім жадында сақталған контактілердің барлығын тізеді. Бұл
контактілер өнімді пайдаланатын адамдардың бəріне көрінеді.
Өнімнің басқару тақтасынан мекенжайлық кітапқа контактілерді қосу
Егер сіз өнімге кірген болсаңыз, мекенжайлық кітапқа қосатын контактілер өнімді пайдаланатын
басқа адамдарға көрінбейді.
Егер сіз өнімге кірген болсаңыз, мекенжайлық кітапқа қосатын контактілер өнімді пайдаланатын
адамдардың бəріне көрінеді.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, HP енгізілген веб-серверін (EWS) мекенжайлық кітапты жасау жəне
басқару үшін пайдалануға болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда Электрондық пошта түймешігін
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы
аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
176 Бап 7 Сканерлеу/жіберу KKWW










