HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Міндетті факс параметрлерін конфигурациялау
Факс мүмкіндігін пайдалана алмас бұрын белгілі бір параметрлерді конфигурациялау керек. Егер
бұл параметрлер конфигурацияланбаған болса, факс белгішесі қол жетімді емес болады. Бұл
параметрлер мыналарды қамтиды:
Ел/аймақ
Күн/уақыт
Company Name («Компания атауы»)
Fax Number («Факс нөмірі»)
Dialing Prefix (Теру префиксі) (optional) (қосымша):
Бұл ақпарат бүкіл шығыс факстарда басылатын факс үстіңгі деректемесінде пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Бірінші рет орнатқанда, факс жабдығы осы параметрлердің кейбіреулерін өнімнен
оқуы мүмкін, сондықтан, мəн əлдеқашан орнатылған болуы мүмкін. Мəндердің дұрыс екенін
тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: АҚШ-та жəне көптеген басқа елдерде/аймақтарда, күнді, уақытта, елді/аймақты,
телефон нөмірін жəне компания атауын орнатуфакске қойылатын заңды талап. Сіздің ел/
аймақ үшін дұрыс параметрлерді пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
Факс параметрлерін орнату шебері
Факс параметрлерін орнату шебері факс мүмкіндігін пайдалану үшін керек факс параметрлерін
конфигурациялау үшін қадамдық процедурадан өткізеді. Егер параметрлер
конфигурацияланбаған болса, факс мүмкіндігі өшірулі болады.
Өнім факс жабдығы орнатылған күйде бірінші рет қосылғанда, факс параметрлерін орнату
шеберін мына қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Бастапқы параметрлерді орнату түймешігін
түртіңіз.
2. Факс параметрлерін ор
нату шебері мəзірін түртіңіз.
3. Міндетті параметрлерді конфигурациялау үшін факс параметрлерін орнату шеберіндегі
қадамдарды орындаңыз.
4. Факс параметрлерін орнату шебері жұмысын аяқтағанда, басты экранда Бастапқы
параметрлерді орнату түймешігін жасыру опциясы пайда болады.
Факс параметрлерін орнату шеберін бастапқы параметрлерді орнатудан кейін басқару тақтасы
арқылы мына қадамдарды орындау арқылы ашыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Бас
қару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Fax Send Settings (Факс жіберу параметрлері)
186 Бап 8 Факс KKWW