HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу
мүмкіндіктерін қолдану
Өнімді пайдаланып шығыс факстардағы суреттерді бірнеше жолмен жақсартуға болады.
Факстарды мəтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Факстар үшін бастапқы құжаттардың жақтар санын көрсету
Факстар үшін ажыратымдылықты таңдау
Факстар үшін бастапқы құжаттардың өлшемін көрсету
Факстар үшін хабарландыру опцияларын таңдау
Факстар үшін анықтықты реттеу
Факстар үшін күңгірттікті реттеу
Факстар үшін контрастты реттеу
Факстар үшін фонды тазалау
Факстар үшін Тапсырма құру режимін пайдалану
Факстар үшін бос беттерді болдырмау
Факстарды мəтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Сканерленетін суреттің түріне арналған факс тапсырмасын оңтайландыру: мəтін, сызбалар
немесе фотосуреттер.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Optimize Text/Picture (Мəтінді/суретті оңтайландыру) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Алдын ала анықталған опциялардың бірін таңдаңыз немесе Қолмен реттеу түймешігін
түртіңіз жəне Optimize For (Оңтайландыру) аймағындағы жүгірткіні реттеңіз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін бастапқы құжаттардың жақтар санын көрсету
Бастапқы құжат бір жақта немесе екі жақта басып шығарылатынын көрсетуге болады. Құжат
бергіштен факс жібергенде, өнім қосымша өзара əрекеттесусіз екі жақты да автоматты түрде
сканерлей алады. Планшеттік сканер шынысынан факс жіберсеңіз жəне түпнұсқа екі жақта да
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 195