HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

5. Алдын ала анықталған бет өлшемдерінің біреуін таңдаңыз немесе өнімге бет өлшемін
анықтауға тырысу үшін ішкі сенсорларды пайдалануға нұсқау беру үшін Автоматты түрде
анықтау опциясын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін хабарландыру опцияларын таңдау
Өнімге факс тапсырмаларының күйі туралы хабарлау туралы нұсқау беруге болады. Өнім
хабарландыруды басып шығара алады немесе сіз көрсеткен мекенжайға электрондық хатпен
хабарландыру жібере алады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Хабарландыру түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Əдепкіде, өнім хабарландыру жіберетін етіп орнатылмайды. Хабарландыру алу үшін
төмендегі опциялардың біреуін таңдаңыз:
Тапсырма аяқталғанда хабарлау: Өнім тапсырма аяқталғанда хабарлайды.
Тек тапсырма орындалмағанда хабарлау: Өнім тапсырма сəтсіз аяқталса ғана
хабарлайды. Ол сəтті тапсырмалар үшін хабарландыру жібермейді.
6. Хабарландыру басып шығарылуы немесе электрондық пошта арқылы жіберілуі керектігін
таңдаңыз. Егер электрондық пошта опциясын таңдасаңыз, Хаба
рландырылатын
электрондық пошта мекенжайы: өрісін түртіп, содан кейін пайдаланылатын электрондық
пошта мекенжайын енгізіңіз.
7. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
8. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін анықтықты реттеу
Кескінді айқынырақ немесе жұмсағырақ ету үшін Sharpness (Айқындық) параметрін реттеңіз.
Мысалы, айқындықты арттыру мəтіннің анық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ оны төмендету
фотосуреттерді жұқалау етіп көрсетуі мүмкін.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Суре
тті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 197