HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Факс жіберу тапсырмалары үшін кеңейтілген кескін
өңдеу мүмкіндіктерін қолдану
Негізгі суретті өңдеу мүмкіндіктері қоса, бұл өнім бірнеше кеңейтілген суретті өңдеу мүмкіндіктерін
қосатын технологияны қамтиды.
●
Факстар үшін автоматты сурет бағдары
●
Факстар үшін реңкті автоматты түрде реттеу
●
Факстар үшін дұрыс берілмеуді автоматты түрде анықтау
Факстар үшін автоматты сурет бағдары
Беттегі мəтіннің кемінде 100 таңбасы бар түпнұсқа құжаттар үшін құрал беттің жоғарғы жағындағы
ұштың түрін анықтай алады жəне сканерленген суреттерді сəйкесінше бағыттайды. Бірнеше бетті
жəне кейбір беттерді басқа беттерге қатысты жоғарғы жағын төмен қаратып сканерлеп
жатсаңыз, нəтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер оң жағы жоғарыға қараған
болады. Кейбір беттерде альбомдық бағдар болса, өнім суретті беттің жоғарғы жа
ғы сурет
тің
жоғарғы жағында болатындай бұрады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Мазмұн бағдары түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Автоматты түрде анықтау опциясын таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, OK түймешігін түртіңіз.
7. Сканерлеуді бастау үшін, Бастау
түймешігін түртіңіз.
Факстар үшін реңкті автоматты түрде реттеу
Əр бет үшін жеке күңгірттік, контраст жəне фонды тазарту параметрлерін автоматты түрде реттеу
үшін құралды конфигурациялауға болады. Мысалы, түпнұсқа құжатта басқалардан ашығырақ
кейбір беттер болса, нəтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер үшін біркелкілеу
күңгірттік параметрі болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі
жағындағы Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
4. Суретті реттеу түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер түймешік опциялардың бірінші бетінде болмаса, Қосымша параметрлер
түймешігін қайтадан түртіңіз.
5. Оны таңдау үшін, Автоматты сигнал құсбелгісін қойыңыз.
KKWW Факс жіберу тапсырмалары үшін кеңейтілген кескін өңдеу мүмкіндіктерін қолдану 201










