HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Факстарды мұрағаттау жəне қайта бағыттау
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың мұрағаттық көшірмелерін немесе екеуін де
көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, желі қалтасына немесе FTP серверіне сақтау үшін
факстарды мұрағаттау мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бүкіл қабылданған факстарды, бүкіл шығыс факстарды немесе екеуін де басқа факс нөміріне
қайта бағыттау үшін факстарды қайта бағыттау мүмкіндігін пайдаланыңыз. Факстарды қайта
бағыттау қосулы кезде, қабылдайтын өнім факсты басып ш
ығарады, сонд
ай-ақ, факсты
факстарды қайта бағыттау нөміріне қайта бағыттайды.
Бұл мүмкіндіктерді қосу жəне реттеу үшін HP енгізілген веб-серверін пайдаланыңыз.
Факстарды мұрағаттауды қосу
1. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Факсты мұрағаттау жəне қайта бағыттау (Архивирование и переадресация факсов)
басыңыз.
4. Факс мұрағаты аймағындағы Факсті мұрағаттау ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
5. Мұрағаттау керек факс тапсырмасының түрі ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
6. Мұрағат тағайындауы ашылмалы тізімінен опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Электрондық поштаны мұрағаттау керек болса, SMTP сервер мəліметтерін
реттеуіңіз қажет.
7. Беттің төменгі жағындағы Қолдану түймешігін басыңыз.
Факстарды қайта бағыттауды қосу
1. Веб-шолғышты ашып, мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
2. HP енгізілген веб-сервері ашылғанда, Факс қойындысын басыңыз.
3. Факсты мұрағаттау жəне қайта бағыттау (Архивирование и переадресация факсов)
басыңыз.
4. Факс жіберу аймағында Факсты қайта бағыттауды қосу жолағын таңдаңыз.
5. Қайта бағыттау керек факс тапсырмасының түрі ашылмалы тізімінен опцияны
таңдаңыз.
6. Факс нөмірін Факсты қайта бағытта
у нө
мірі өрісіне енгізіңіз.
7. Беттің төменгі жағындағы Қолдану түймешігін басыңыз.
208 Бап 8 Факс KKWW










