HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Қауіпсіздік қойындысы
Кесте 9-7 HP ендірілген веб-серверінің Қауіпсіздік қойындысы
Мəзір Сипаттама
Жалпы қауіпсіздік Əкімші құпия сөзін өнімнің кейбір мүмкіндіктеріне кіруді шектейтін етіп
реттеңіз.
PJL пəрмендерін өңдеу үшін PJL құпиясөзін орнатыңыз.
Файлдық жүйеге қатынасу жəне шағын бағдарламаны жаңартуға қатынасуды
орнатыңыз.
Тікелей компьютерден басып шығару үшін, басқару тақтасындағы хост USB
портын немесе форматтердегі USB байланыс портын қосыңыз немесе
өшіріңіз.
Бүкіл қауіпсіздік параметрлерінің күйін көріңіз.
Кіру мүмкіндігін басқару Белгілі бір адамдар неме
се топтар үшін өнімнің функцияларына қол жеткізу
мүмкіндігін реттеңіз. Жеке адамдардың өнімге жазылу жолын да таңдаңыз.
Сақталған деректерді қорғау Өнімнің ішкі қатты диск параметрлерін реттеп, басқарыңыз. Қауіпсіздікті
арттыру мақсатында бұл өнімнің қатты дискісі шифрланған.
Өнімнің қатты дискісінде сақталған тапсырмалардың параметрлерін реттеңіз.
Куəлікті басқару Өнімге жəне желіге кіру мүмкіндігін беретін қауіпсіздік куəліктерін орнатыңыз
жəне реттеңіз.
Өзін
дік
тексеру (Самодиагностика) Қауіпсіздік функциялары күтілген жүйелік параметрлерге сай орындалып
жатқанын тексеріңіз.
HP веб-қызметтері қойындысы
Өнімнің HP веб қызметтерінің параметрлерін реттеу жəне қосу үшін, HP веб-қызметтері
қойындысын пайдаланыңыз. HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін, HP веб қызметтерін қосу
керек.
Желіге қосылу қойындысы
IP негізіндегі желіге қосылып тұрғанда, өнімнің желі параметрлерін конфигурациялау жəне қорғау
үшін Желіге қосылу қойындысын пайдаланыңыз. Бұл қойынды өнім басқа желі түрлеріне
қосылғанда көрсетілмейді.
Басқа сілтемелер тізімі
ЕСКЕРІМ: Жалпы қойындысындағы Басқа сілтемелерді өңдеу мəзірінің көмегімен Басқа
сілтемелер тізімінде қандай сілтемелер көрсетілетінін конфигурациялауға болады.
Төмендегілер — əдепкі сілтемелер.
Кесте 9-8 HP енгізілген веб-серверінің Басқа сілтемелер тізімі
Мəзір Сипаттама
Өнімді қолдау Өнімнің қолдау көрсету торабына қосылады. Бұл торапта əртүрлі тақырыптар
туралы анықтаманы іздеуге болады.
234 Бап 9 Өнімді басқару KKWW










