HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Кесте 9-8 HP енгізілген веб-серверінің Басқа сілтемелер тізімі (жалғасы)
Мəзір Сипаттама
Жабдықтар дүкені HP SureSupply веб-торабына қосылады. Бұл торапта сіз тонер картридждері
мен қағаз сияқты шынайы HP қамсыздандыру материалдарын сатып алу
мүмкіндіктері жөнінде ақпарат таба аласыз.
HP Instant Support қызметі Өнімнің ақаулықтарына шешім табуыңызға көмек көрсету үшін сізді HP веб
торабына қосады.
Bonjour қызметінің атын өзгерту
Өнімнің Bonjour қызметі атын өзгерту қажет болса, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. НР ендірілген веб-сервері Желіге қосылу қойындысын ашыңыз.
2. TCP/IP параметрлері сілтемесін басыңыз.
3. Беттің төменгі жағындағы Bonjour қызмет атауы жолына жылжып барып, ақпаратты
жаңартыңыз.
4. Өзгерістерді сақтау үшін, Қолдану түймешігін басыңыз.
KKWW HP енгізілген веб сервері 235










