HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

HP қызметтік бағдарламасы (Mac OS X)
HP Utility — Mac OS X жүйесінде өнімге қатынасуды қамтамасыз ететін бағдарлама.
HP қызметтік бағдарламасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін
желіге жалғанғанда пайдалануға болады.
HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз
Іздегішті ашып, Applications (Бағдарламалар), Utilities (Қызметтік бағдарламалар) тармағын
таңдаңыз да, НР Utility (НР қызметтік бағдарламасы) басыңыз.
Егер HP қызметтік бағдарламасы Utilities (Қызметтік бағдарламалар) тізімінде болмаса, оны ашу
үшін келесі процедураны пайдаланыңыз:
1. Компьютерде Apple
мəзірін ашып, Жүйе ерекшеліктері мəзірін басыңыз, одан кейін Баспа
жəне факс немесе Басып шығару жəне сканерлеу белгішесін басыңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Опциялар мен жабдықтар түймешігін басыңыз.
4. Утилита қойындысын басыңыз.
5. Принтер утилитасын ашу түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP қызметтік бағдарламасы Барлық параметрлер тізімінен таңдау арқылы ашылатын
беттерден тұрады. Кез келген бетте HP веб-сайттарына қатынасу үшін белгішелерді басыңыз:
HP Қолдауы
Жабдықтар
Тіркеу
Қайта пайдалану
Келесі кестеде НР қызметтік бағдарламасының көмегімен орындауға болатын тапсырмалар
түсіндіріледі.
Мəзір Нөмірі Сипаттама
Ақпарат жəне қолдау Жабдықтар күйі Өнім жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде
тапсырыс беру сілтемелерін қамтамасыз етеді.
Құрылғы туралы
ақпарат
Ағымдағы таңдалған өнім туралы ақпаратты көрсетеді.
Файлды жүктеу Файлдарды компьютерден өнімге жібереді.
Қаріптерді жүктеу Қаріп файлдарын компьютерден өнімге жібереді.
HP ePrintCenter HP ePrintCenter қатынасады.
236 Бап 9 Өнімді басқару KKWW