HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Қауіпсіздік мəлімделері
Өніміңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне
өнімді бақылау мен оған қызмет көрсету тəсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар
жəне ұсынылған протоколдар қолданылады.
HP's қауіпсіздік кескін өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торап қауіпсіздік мүмкіндіктері жөніндегі ақ
беттерге жəне жиі қойылатын сұрақтар құжаттарына сілтемелерді береді.
IP қауіпсіздігі
IP қауіпсіздігі (IPsec) өнімнен шығатын жəне өнімге келетін IP негізделген желілік трафикті
бақылайтын протоколдар жиынтығы болып табылады. IPsec хостқа-хост танылуын, деректердің
тұтастығын жəне желілік байланыстардың шифрлеуін қамтамасыз етеді.
Желіге қосылған жəне HP Jetdirect басып шығару сервері бар өнімдерде IPsec параметрлерін
HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысын пайдаланып реттеуге
болады.
Өнімге кіру
Өнімнің басқару тақтасындағы кейбір мүмкіндіктерді қорғауға болады, сонда рұқсат етілмеген
адамдар оларды пайдалана алмайды. Мүмкіндік қорғалған кезде, оны пайдалана алуыңыз
алдында өнім кіруді ұсынады. Сондай-ақ, басты экранда Жүйеге кіру түймешігін түрту арқылы
ұсынысты күтпестен кіре аласыз.
Əдетте, желідегі компьютерге кіру үшін пайдаланылатын пайдаланушы аты мен құпиясөз
пайдаланылады. Егер қай тіркелгі деректерін пайдалану керектігі турал
ы сұр
ақтарыңыз болса,
осы өнімнің желілік əкімшісіне хабарласыңыз.
Өнімге кіргеннен кейін басқару тақтасында Жүйеден шығу түймешігі көрсетіледі. Өнімнің
қауіпсіздігін сақтау үшін өнімді пайдалануды аяқтағанда, Жүйеден шығу түймешігін түртіңіз.
Жүйе кілтсөзін орнату
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін, өнімге жəне
HP ендірілген веб-серверіне өтуге арналған əкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын веб браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген HP веб-серверін
ашыңыз.
2. Қауіпсіздік қойындысын басыңыз.
3. Жалпы қауіпсіздік мəзірін ашыңыз.
4. Құпия сөзбен байланысты атты Пайдаланушы аты өрісіне теріңіз.
5. Құпия сөзді Жаңа құпия сө
з өрісіне енгізіп, Құ
пия сөзді тексеру өрісінде қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін оны алдымен Ескі құпия сөз өрісіне
енгізу керек.
6. Қолдану түймешігін басыңыз. Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
KKWW Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері 241










