HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1. Егер басқару тақтасы бос немесе қара болса, мына қадамдарды аяқтаңыз:
а. Қуат сымын тексеріңіз.
ə. Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сəйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу
талаптарын өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның
кернеуі талаптарға сай болмаса, өнімді тікел
е
й қуат розеткасына қосыңыз. Егер ол қуат
розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP компаниясының Пайдаланушыға
қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
2. Басқару тақтасы Дайын күйін көрсетуі тиіс. Егер қате хабары көрсетілсе, қатені шешу үшін,
басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе же
лілік порттың арасындағы кабельдің қосылған
жерлерін тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ə. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз.
4. Таңдалған қағаз өлшемі мен түрі техникалық сипаттамаларға сай екенін тексеріңіз. Сондай-
ақ, өнімнің басқару тақтасында Науалар мəзірін ашып, науаның қағаз түрі мен өлшемі үшін
дұ
рыс теңшелгенін тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті
де басылып шығады.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
Конфигурация беті
б. Бетті басып шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
Егер бет басып шығарылмаса, кемінде бір науада қағаздың бо
луын тек
серіңіз.
Өнімде қағаз кептеліп қалса, шығару үшін басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер бет дұрыс басып шығарылмаса, HP тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Бет дұрыс басып шығарылса, проблема қолданып отырған компьютеріңізде, принтер
драйверінде немесе бағдарламада болуы мүмкін.
246 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW