HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
6. Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралды
тексеріп, өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз. Принтер драйвері
өніммен бірге берілген ықшам дискіге жазылған. Сондай-ақ, принтер драйверін мына веб-
тораптан жүктеп алуға болады:
www.hp.com/go/ljcolorflowMFPM575_software.
7. Жұмыс істеп тұрған басқа бағдарламалық құралдан қысқа құжатты басып шығарыңыз. Егер
шешім нəтиже берсе, онда ақаулық пайдаланып отырған бағдарламалық құралда болуы
мүмкін. Егер ол мəселені шешпесе (құжат басылып шықпаса), мына қадамдарды аяқтаңыз:
а. Тапсырманы өнімнің бағдарламалық құралы орнатылған басқа бір компьютерден басып
шығарып көріңіз.
ə. Егер өнімді желіге қосқан болсаңыз, онда ол өнімді ком
пьютерге тікелей USB кабелімен
қосыңыз. Өнімді тиісті портқа бағыттаңыз немесе қолданып отырған жаңа қосылудың
түрін таңдап, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
KKWW «Мəселелерді шешу» тексеру парағы 247










