HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

6. Желімді аумақтан қағазды ақырын
тартыңыз.
7. 2-науаның білік аумағынан қағазды іздеңіз.
Кептелген қағазды шығаратын есікті ашу
үшін екі жасыл тетікті жоғарыға қарай
итеріңіз. Кептелген қағазды шығарып, есікті
жабыңыз.
8. Егер қағаз термобекіткіштің төменгі жағынан
кірген жерден көрінсе, оны шығару үшін
ақырын төмен қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТУ: Тасымалдағыш білік тұрған
жердегі біліктерге тиіспеңіз. Дақтар баспа
сапасына əсер етуі мүмкін.
9. Қағаз көрінбейтін термобекіткіштің ішінде
кептеліп қалуы мүмкін. Термобекіткіштің
тұтқаларынан ұстап, ақырын көтеріңіз,
содан кейін термобекіткішті шығару үшін
оны тіке тартыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнім жұмыс істеп тұрған кезде
термобекіткіш ыстық болуы мүмкін.
KKWW Кептелістерді жою 263