HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

3. Тонер картриджіндегі жасыл бейнелеу барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Бейнелеу барабанын ұстамаңыз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа
сапасына кері əсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар
байқалса, тонер картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын
сілкіп, қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып
шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Əрдайым осы өнім қолдайтын қағаз түрін жəне салмағын пайдаланыңыз. Қосымша ретінде,
қағазды таңдаған кезде осы нұсқ
аула
рды пайдаланыңыз:
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін жəне кесілмегенін,
кертік салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз
еместігін, қапсырмалардың жоқтығын жəне шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп
қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмс
ақ қағазды пайдалану ең жақсы басып
шығару нəтижелерін береді.
Ортаны тексеру
Орта жағдайлары тікелей басып шығару сапасына əсер етуі мүмкін жəне олар қағазды беру
ақаулықтарының жалпы себебі. Төмендегі шешімдерді орындап көріңіз:
Ауа желдеткіштері немесе ашық терезелер не есіктер сияқты желдетілетін орындардан
өнімді əрі жылжытыңыз.
Өнімнің өнім спецификациясынан тыс температураларға не ылғалдыққа шығарылмағанын
тексеріңіз.
Өнімді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
Өнімді тегіс əрі қатты жерге орна
ластырыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 271