HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
5. Aвтоматты немесе Қолмен параметрін таңдаңыз.
●
Aвтоматты параметрі: Осы параметрді басып шығару тапсырмаларының көбіне
таңдаңыз
●
Қолмен параметрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек реттеу үшін осы
параметрді таңдаңыз. Түстерді қолмен реттеу терезесін ашу үшін Баптаулар
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Түс параметрлерін қолмен өзгерту шығару жұмысына əсер етуі мүмкін.
HP компаниясы бұл параметрлерді тек түс графикасы мамандары өзгертуін ұсынады.
6. Түрлі түсті құжатты қара жəне сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Сұр шəкілде басу
опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс үшін басып шығаруға
осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа көшірмелерін басып
шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін пайдалануға болады.
7. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін Жарайды түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басы
п шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Жарайды
түймешігін басыңыз.
Түс опцияларын өзгерту (Mac OS X)
1. Файл мəзірін басып, Басып шығару опциясын басыңыз.
2. Принтер мəзірінде өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкі бойынша, принтер драйвері Көшірмелер жəне беттер мəзірін көрсетеді. Мəзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Түс параметрлері мəзірін басыңыз.
4. Оны тазалау үшін, HP EasyColor құсбелгілерін қойыңыз.
5. Жетілдірілген параметрлерін ашыңыз.
6. Мəтін, графика жəне фотосуреттердің жеке параметрлерін реттеңіз.
7. Басып шығару түймесін бас
ыңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз жəне басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мəттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім
немесе өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз. Төмендегі
принтер драйверлері
www.hp.com/go/ljcolorflowMFPM575_software торабында қол жетімді.
ЕСКЕРІМ: Mac OS X жүйесі үшін өнім Postscript баспа драйверін қолданады. Сондай-ақ, ол HP
ePrint жəне HP ePrint Software құралдарын қолданады.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 273










