HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Бетке шақтау параметрін тексеру
Fit to page («Бетке сəйкестендіру») параметрі қосылған болса жəне кіріс факсі əдепкі бет
өлшемінен үлкенірек болса, өнім бетке сəйкестендіру үшін суретті масштабтауға əрекет
жасайды. Бұл параметр ажыратылған болса, үлкенірек суреттер бірнеше бетке таралады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігін түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Fax Receive Settings (Факс қабылдау параметрлері)
Əдепкі тапсырма опциялары
F
i
t to page («Бетке сəйкестендіру»)
3. Параметрді қосу үшін Қосулы опциясын таңдаңыз не оны ажырату үшін Ажыратулы
опциясын таңдаңыз. Сақтау түймешігін басыңыз.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса,
ақаулық жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса,
жіберуші ретінде келесі өзгерістерді орындауды қарастырыңыз:
Түпнұсқа құжаттың ақ (түсті емес) қағазда екенін тексеріңіз.
Факс ажыратымдылығын, сапа деңгейін немесе контраст параметрлерін арттырыңыз.
Мүмкін болса, факсті компьютердің бағдарламалық құралынан жібе
ріңіз.
292 Бап 10 Мəселелерді шешу KKWW