HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Оңай қолданылатын USB баспа ақаулықтарын жою
USB құрылғысы енгізілгенде USB құрылғысынан шығарып алу мəзірі ашылмайды
Файл USB құрылғысынан басып шығармайды
Басылатын файл USB құрылғысынан шығарып алу мəзірінде көрсетілмеген
USB құрылғысы енгізілгенде USB құрылғысынан шығарып алу мəзірі
ашылмайды
1. Оны қолданбас бұрын осы мүмкіндікті қосу қажет.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып,
басыңыз.
ə. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
USB құрылғысынан шығаруды қосу
б. Қосу опциясын таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз.
2. Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы
мүмкін. Файлдарды FAT (File Allocation Table) файл жүйелерін пайдаланатын стандартты
USB құрылғысына сақт
аңыз.
Өнім FAT32 USB құрылғыларына қолдау көрсетеді.
3. Басқа мəзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.
4. USB құрылғысында бірнеше бөліктер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір өндірушілері
бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын қосалқы құралда
орнатады). Бөліктерді өшіру үшін USB құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB
құрылғысының басқа түрін қолданыңыз.
5. USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.
а. USB құр
ылғысын алып тастаңыз.
ə. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB құрылғысын пайдаланыңыз.
6. USB құрылғысы дұрыс істемей тұрған болуы мүмкін.
а. USB құрылғысын алып тастаңыз.
ə. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Басқа USB құрылғысынан басып шығаруға əрекет жасаңыз.
Файл USB құрылғысынан басып шығармайды
1. Науада қағаздың бар екенін тексеріңіз.
2. Басқару тақтасындағы қате хабарларын қараңыз. Құрылғыда қағаз тұрып қалса, кептемені
жойыңыз.
KKWW Оңай қолданылатын USB баспа ақаулықтарын жою 295