HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

Телефон компаниясының дыбыстық хабарлама қызметін немесе жауап беру
құрылғысын қолданып жатырсыз ба?
Хабарлама қызметіне арналған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі факс жабдығына
арналған жауап беру үшін қоңырау саны параметрінен төмен болса, хабарлама қызметі
қоңырауға жауап береді жəне факс жабдығы факстерді қабылдай алмайды. Факс жабдығына
арналған жауап беру үшін қоңырау саны хабарлама қызметінен төмен болса, факс жабдығы
барлық қоңырауларға жауап береді.
Телефоныңызда қоңырауды күту мүмкіндігі бар ма?
Факстің телефон желісінде қоңырауды күту мүмкіндігі белсендірілген болса, қоңырауды күту
мүмкіндігі байланыс қатесін туғызу арқылы орындалып жатқан факс қоңырауына кедергі келтіруі
мүмкін. Қоңырауды күту мүмкіндігінің факс телефонының желісінде белсенді еместігін
тексеріңіз.
Факс жабдығының күйін тексеру
Аналогтық факс жабдығы жұмыс істейтін сияқты көрінбесе, күйді тексеру үшін Конфигурация
беті есебін басып шығарыңыз.
1. Негізгі экранда түймесіне жылжып барып, Басқару түймешігін басыңыз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Есептер
Конфигурация/күй беттері
Конфигурация беті
3. Есепті басып шығару үшін Басып шығару түймешігін басыңыз немесе экрандағы есепті қарап
шығу үшін Көру түймешігін басыңыз. Есеп бірнеше бетт
ен тұ
рады.
ЕСКЕРІМ: Өнімнің IP мекенжайы немесе хост атауы Jetdirect бетінде тізімделеді.
Аппараттық құрал анықтамасы тақырыбының астында конфигурация бетінің факс жабдығы бетін
таңдап, модем күйін тексеріңіз. Келесі кесте күй жағдайлары мен ықтимал шешімдерді
анықтайды.
ЕСКЕРІМ: Факс жабдығының беті басып шығарылмаса, аналогтық факс жабдығында ақаулық
болуы мүмкін. LAN факсін немесе Интернет факсін қолданып жатқан болсаңыз, бұл
конфигурациялар мүмкіндікті ажыратуы мүмкін.
Жұмыс істейтін/Қосылған
1
Аналогтық факс жабдығы орнатылды жəне дайын.
Жұмыс істейтін/Ажыратулы
1
Факс жабдығы орнатылған, бірақ сіз талап етілген факс
параметрлерін əлі реттеген жоқсыз.
Факс жабдығы орнатылған жəне жұмыс істейді; дегенмен,
HP сандық жіберу қызметтік бағдарламасы құралдың факс
мүмкіндігін ажыратқан немесе LAN факсін қосқан. LAN
факсі қосылған кезде, аналогтық факс мүмкіндігі
ажыратылады. Тек қана бір факс мүмкіндігін, LAN факсін
немесе аналогтық факcті бір уақытта қосуға болады.
ЕСКЕРІМ: LAN фа
ксі қо
сылған болса, құралдың басқару
тақтасында Факс мүмкіндігі қол жетімсіз болады.
KKWW Факс мəселелерін шешіңіз 301