HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Өнім бағдарламалық құралының мəселелерін шешу
(Windows)
Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер) қалтасында көрінбейді
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар
қолданбаны жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу) немесе
Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
2. USB кабелін компьютердің басқа USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын орнату барысында экранға қателік хабары
шығарылды
1. Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Істеп тұрған қолданбаларды жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар
қолданбаны жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Close (Жабу) немесе
Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
2. Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажет
болса, мүмкіндігінше көп орын босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
3. Қажет болса, Диск дефрагментаторын іске қосып, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
Өнім «Дайын» режимінде, бірақ ештеңе басып шығарылмайды
1. Конфигурация бетін басып шығарып, өнімнің жұмысын тексеріңіз.
2. Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, техникалық сипаттарға сəйкес екенін тексеріңіз.
Оның ішіне USB жəне қуат кабельдері кіреді. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
3. Конфигурация бетіндегі IP мекенжайының бағдарламалық құрал портындағы IP мекенжайға
сəйкестігін тексеріңіз. Төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз:
Windows XP, Windows Server 2003, Windows Server 2008 жəне Windows Vista
а. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз немесе Windows Vista үшін экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Windo
ws белгішесін басыңыз.
ə. Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
б. Printers and Faxes (Принтерлер мен факстар) (əдепкі «Бастау» мəзірінің көрінісін
пайдаланып) немесе Printers (Принтерлер) тармағын (классикалық «Бастау» мəзірінің
көрінісін пайдаланып) таңдаңыз.
в. Өнім драйверінің белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Properties
(Сипаттар) тармағын таңдаңыз.
г.Ports (Порттар) қойындысын басып, Configure Port (Порттың параметрлерін реттеу)
тармағын таңдаңыз.
KKWW Өнім бағдарлама
лық құралының мəселелерін шешу (Windows) 311










