HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

б. Басқару тақтасында ақпаратты көру үшін Көру түймешігін түртіңіз немесе беттерді
басып шығару үшін Басып шығару түймешігін түртіңіз.
в. Jetdirect бетінен Bonjour қызмет аты мен IP мекенжайын табыңыз.
Jetdirect Page
HP Color LaserJet
Page 1
5. IPv4: Егер IP мекенжайы 0.0.0.0 немесе 192.0.0.192 немесе 169.254.x.x болса, оны қолмен
жасаңыз. Олай болмаса, желі конфигурациясы сəтті өтті.
IPv6: Егер IP мекенжайы «fe80:» деп басталса, өнім басып шығаруға қабілетті болуы
керек. Əйтпесе, IP мекенжайын қолмен жасауыңыз керек.
Бағдарламалық құралды орнату
1. Компьютердегі барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Ықшам дискіден бағдарламалық құралды орнатыңыз.
3. Өнім белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Орнату аяқталғанда Close (Жабу) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнатушыны іске қосқанда принтерді қоспасаңыз ғана басып шығару жүйелік
бағдарламасын орнатуды аяқтағаннан кейін келесі қадамдарды орындаңыз.
5. Компьютерде Apple мəзірін ашып, Жүйе ерекшеліктері мəзірін таңдап, одан кейін Баспа
жəне факс белгішесін немесе Басып шығару жəне сканерлеу белгішесін басыңыз.
6. Қосу белгісін (+) басыңыз.
7. Желілік қосылым үшін Bonjour (əдепкі браузер) немесе IP басып шығаруды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Bonjour — өнім жергілікті желіде орнатылған болса, пайдалану ең оңай жəне ең
жақсы əдіс болып табылады.
Өнім Bonjour байланысының жергілікті орнынан тыс үлкенірек желіде орналасса, IP басып
шығару қызметін пайдалануыңыз керек.
KKWW Желілік кабельді пайдаланып өнімді желіге қосып, бағдарламалық құралды орнатыңыз (Mac
OS X)
21