HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Bonjour браузерін пайдалансаңыз, мына қадамдарды орындаңыз:
а. Default Browser (Əдепкі браузер) қойындысын басыңыз.
ə. Тізімнен өнімді таңдаңыз. Бағдарлама өнімнің желіге қосулы екенін тексереді. Print
Using (Мынаны пайдаланып басып шығару) өрісі өнім үшін дұрыс PPD автоматты түрде
толтырылады.
ЕСКЕРІМ: Егер бірнеше өнім бар желіде болсаңыз, конфигурация бетін басып
шығарыңыз жəне орнатып жатқан өнімді анықтау үшін тізімде Bonjour принтерінің
атауын табыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер өнім тізімде жоқ болса, өнімнің қосулы жəне желіге қосулы екенін
тексеріңіз, содан кейін өнімді өшіріп, қайтадан қосыңыз. Егер өнімнің PPD Print Using
(Мынаны пайдаланып басып шығару) ашылмалы тізімінде болмаса, компьютерді
өшіріп, қайтадан қосыңыз да, параметрлерід орнату процесін қайтадан бастаңыз.
б. Параметрлері орнату процесін аяқтау үшін Add (Қосу) түймешігін басыңыз.
IP басып шығару əдісін пайдаланып жатсаңыз, мына қадамдарды орындаңыз:
а.IP Printer (IP принтері) қойындысын басыңыз.
ə.Protocol (Протокол) ашылмалы мəзірінен HP Jet Direct – Socket (HP Jet Direct –
Сокет) тармағын таңдаңыз. Бұл HP өнімдері үшін ұсынылған параметр.
б. IP мекенжайын принтерді қосу экранындағы Address (Мекенжай) өрісіне теріңіз.
в.Name (Атау), Location (Орын) жəне Print Using (Мынаны па
йда
ланып басып шығару)
ақпараты автоматты түрде толтырылады. Егер өнім PPD Print Using (Мынаны
пайдаланып басып шығару) өрісінде болмаса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да,
параметрлерді орнату процесін қайта бастаңыз.
22 Бап 2 Өнімді жалғау жəне бағдарламаны орнату KKWW










