HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide

5. Қағаз бумасының бағыттағыштардағы
құлақшалардың астында тұрып, науаның
толы екенін көрсететін көрсеткіштерден
аспау керек.
6. Бүйір бағыттағыштарының қағазды
майыстырмай, сəл тиіп тұруы үшін оларды
реттеп алыңыз.
Конверттерді басып шығару
Егер бағдарлама конвертті автоматты түрде пішімдемесе, бағдарламада немесе басып шығару
драйверінде бет бағдары ретінде Альбомдық пішімін көрсетіңіз. Коммерциялық #10 немесе DL
конверттерінде қайтару жəне арнаулы мекенжайларына жақтауларын белгілеу үшін төмендегі
нұсқауларды пайдаланыңыз:
Мекенжай түрі Сол жақ жақтау Жоғарғы жақтау
Қайтару 15 мм 15 мм
Арнауы 102 мм 51 мм
Өлшемдері басқа конверттер үшін сəйкесінше жақтау параметрлерін реттеңіз.
Автоматты қағаз сезу (авто сезу режимі)
Автоматты қағаз түрінің сенсоры науа Кез келген түр немесе Тегіс параметріне
конфигурацияланғанда ғана жұмыс істейді.
Науадан қағазды алғаннан кейін өнім үстіңгі мөлдір парақты, қағаз салмағын жəне жылтыр
деңгейін анықтай алады.
Қосымша басқару үшін тапсырма үшін белгілі бір қағаз түрін таңдаңыз немесе науаны белгілі бір
қағаз түріне конфигурациялаңыз.
KKWW 1-науа 35