HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - User's Guide
Жабдықтар туралы толық ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Жаңартылған жабдықтар туралы
мəліметтер алу үшін,
www.hp.com/go/ljcolorflowMFPM575_manuals торабына өтіңіз.
Тонер картридждерін қайта өңдеу
Шынайы HP тонер картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж келген
қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу үшін
ашылған қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін əр жаңа НР жабдығымен
жеткізілетін қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Тонер картриджін сақтау
Тонер картридждерін пайдаланбайынша орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджіне зақым келтірмеу үшін оны жарықта бірнеше минуттан көп
ұстамаңыз. Тонер картриджін өнімнен ұзақ уақытқа алып тастау үшін бейне барабанын
жабыңыз.
HP шығармаған тонер картридждеріне қатысты HP саясаты
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер
картридждерін пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP шығармаған тонер картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір
зақымдану HP кепілдік жəне қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
Тонер картридждерін ауыстыру
Өнім төрт түсті пайдаланады жəне əр түс үшін əр түрлі тонер картриджі болады: қара (K),
қарақошқыл (M), көгілдір (C) жəне сары (Y).
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киімге тиіп кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп, киімді суық сумен
жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланылған тонер картридждерін қайта пайдалану туралы ақпарат тонер
картриджінің қорабында беріледі.
1. Алдыңғы есікті ашыңыз. Есіктің толық
ашылғанына көз жеткізіңіз.
58 Бап 4 Бөліктер, жабдықтар мен аксессуарлар KKWW










