HP LaserJet Enterprise Color Flow MFP M575 - Warranty and Legal Guide
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын жəне Күту режимдерінде қуат тұтыну деңгейі айтарлықтай төмендеп, осы өнімнің жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи қорлар мен қаржыңызды үнемдейді. ENERGY STAR
®
жазуымен
белгіленген Hewlett-Packard баспа жəне кескіндеу құрылғысы логотипі кескіндеу жабдығына
қойылатын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 'ENERGY STAR техникалық шарттарына сай
белгіленген. Келесі белгі ENERGY STAR жазуымен белгіленген кескіндеу өнімдерінде болады:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен/автоматты дуплекстеу (екі-жақты баспа) жəне N-дейін баспа (бір бетке
бірнеше бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығыны мен табиғи қорларды пайдалану
қажеттілігін азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet тонер картридждерін пайдаланудан кейін тегін HP ғаламдық серіктестері арқылы
қайтарып, қайта пайдалану оңай. Əрбір жаңа HP LaserJet тонер картриджі мен жабдықтар
орамасында бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар болады. Бөлек қайтарғаннан
гөрі бірнеше картриджді бірден қайтарсаңыз, қоршаған ортаны қорғауға үлесіңіз көбірек болады.
HP компаниясы экология тұрғысынан қолайлы, өнертабысты жəне жоғары сапалы өнімдер мен
қызметтерін ұсынуды, жобалау
мен жасап шығаруды, таратуды, пайдаланушыға беруді жəне
қайта жаратуды міндетіне алып отыр. HP ғаламдық серіктестері бағдарламасына қатыссаңыз,
сіздің HP LaserJet тонер картридждеріңізді өңдеу арқылы жаңа өнім шығаруға қажетті пластик пен
металдарын алып, жөнді қайта жаратуды қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, қоқыс төгетін жерлерді
KKWW Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы 19










