HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Басып шығару сапасының мәселелерін шешу
Баспа сапасына байланысты ақаулықтардың көбісін келесі нұсқауларды орындау арқылы алдын
алуыңызға болады.
Науаларды дұрыс парақ түріне баптаңыз.
Науаларды конфигурациялау (43-бет) қараңыз.
HP ерекшеліктеріне сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз және баспа медиасы (31-бет) қараңыз.
Өнімді қажеті бойынша тазалап тұрыңыз.
Қағаз жолын тазалаңыз. (70-бет) қараңыз.
Қағазға байланысты баспа сапасының ақаулықтары
Баспа сапасының ақаулықтарының кейбіреулері HP ерекшеліктеріне сай келмейтін қағазды
пайдаланудан туындайды.
Қағаздың беті тым тегіс.
Қағаздың ылғалдығы біркелкі емес, тым жоғары немесе тым төмен. Басқа жердегі немесе
ашылмаған бумадағы қағазды қолданыңыз.
Қағаз бетінің кейбір жерлеріне тонер бекітілмейді. Басқа жердегі немесе ашылмаған бумадағы
қағазды қолданыңыз.
Фирмалық бланкіңіз қалың қағазға басылған. Жұқалау, ксерографикалық қағазды қолданыңыз.
Ег
ер осыдан кейін ақаулық түзетілсе, фирмалық бланкпен қамтамасыз етушімен хабарласып, HP
ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалануын сұраңыз.
Қағаз тым қалын. Жұқалау, ксерографикалық қағазды қолданыңыз.
Сіз таңдаған қағаздың түрі өте қалын. Сол себептен, тонер оған бекітілмейді.
Барлық HP LaserJet өнімдеріне арналған толық қағаз ерекшеліктерін алу үшін HP LaserJet Printer Family
Print Media Guide (РP LaserJet Принтер тобының басып шығару құралының Н
ұсқаулығы) бөлімін
қараңыз. Бұл нұсқаулық
www.hp.com/support/ljpaperguide торабында бар.
Ортаға байланысты баспа сапасы ақаулықтары
Егер өнім тым ылғал немесе тым құрғақ ортада жұмыс істеп тұрса, сол орта ерекшеліктеріне сай
келетінін тексеріңіз.
Жұмыс ортасы (148-бет) қараңыз.
Кептелуге байланысты баспа сапасының ақаулықтары
Қағаз жолынан барлық парақтардың алынғанын тексеріңіз.
Егер өнімде қағаз кептелген болса, екі-үш бетті басып шығару арқылы қағаз жолын тазартыңыз.
Егер парақтар термобекіткіштен өтпей, кейінгі құжаттардың бетінде сурет ақауларын туғызса,
екі-үш бетті басып шығару арқылы қағаз жолын тазалаңыз. Егер ақаулық түзетілмесе, тазарту
бетін басып шығарып, өңдеңіз.
Қағаз жолын тазалаңыз. (70-бет) қараңыз.
Баспа тығыздығын дұрыстау
Жалпы баспаны ашық немесе қара ету үшін баспа тығыздығы дұрыстау арқылы кейбір баспа
сапасының мәселелерін шешуіңізге болады.
KKWW Басып шығару сапасының мәселелерін шешу 99