HP LaserJet P2030 Series - User's Guide
Қосылу ақаулықтарын түзету
Тікелей жалғау ақаулықтарын түзету
Егер сіз өнімді компьютерге тікелей қоссаңыз, кабельді тексеріңіз.
●
Кабель компьютерге және өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
●
Кабельдің 2 метрден ұзын емес екендігін тексеріңіз. Қажет болса, кабельді ауыстырыңыз.
●
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
Өнім желімен байланысып тұрғанын анықтау үшін келесіні тексеріңіз. Бастар алдында конфигурация
бетін басып шығарыңыз.
ақпарат беттерді басып шығару (60-бет) қараңыз.
1. Жұмыс компьютердің немесе файл серверінің және өнімнің арасында физикалық байланыс
ақаулығы бар ма?
Желілік кабелдің, байланыстардың және маршрутизатордың конфигурациялары дұрыс екенін
тексеріңіз. Желілік кабельдің ұзындықтары желінің ерекшеліктеріне сай екенін тексеріңіз.
2. Желілік кабельдер дұрыс жалғанды ма?
Өнім желіге тиісті порт және кабель арқылы жалғанғанын тексеріңіз. Әр кабельдің жалғанған
жері мықты және дұ
рыс екенін тексеріңіз. Егер ақаулық шешілмесе, концентраторға немесе
трансиверге басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз. Өнімнің артқы жағындағы портқа
қосатын жердегі сарғыш түсті жұмыс шамы және жасыл түсті мәртебе шамы жанып тұру керек.
3. Байланыс жылдамдығы мен дуплекс параметрлері дұрыс қойылған ба?
HP бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (әдепкі параметр).
Байланыс
жылдамдығының параметрі (29-бет) бөлімін қараңыз.
4. Өнімнің байланысын «ping» пәрменімен тексере аласыз ба?
Пәрмен жолын ашып, компьютеріңізден өнімнің байланысын тексеріңіз. Мысалы:
ping 192.168.45.39
Ping пәрмені айналып қайту уақытын көрсететініне көз жеткізіңіз.
Егер өнімнің байланысы өтіп тұрса, онда компьтеріңіздегі өнімнің IP адрес конфигурациясы дұрыс
екенін тексеріңіз. Егер ол дұрыс болса, өнімді жойып, қайта қосыңыз.
Егер ping пәрмені байланыса алмаса, же
лілік ко
нцентраторлардың қосулы екенін тексеріңіз.
Содан соң, желілік теңшеулердің, өнімнің және компьютердің конфигурациялары сол желіге
бапталғанын тексеріңіз.
5. Желіге ешқандай бағдарламалық жасақтар қосылған жоқ па?
Оларға желіде қолдау көрсетілетінін және олар дұрыс принтер драйверлерімен орнатылғанын
тексеріңіз.
106 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW










