HP LaserJet P2030 Series - User's Guide
Macintosh ақаулықтарын түзету
ЕСКЕРТПЕ: USB және IP баспасының орнатылуы Үстелдік принтери утилитасы арқылы орындалады.
Өнім Таңдауышта көрсетілмейді.
Принтер драйвері Баспа Орталығында тізімделмеген.
Себеп Шешім
Өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылмаған немесе
дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.
PPD файлы келесі қатқыл диск папкасында екенін тексеріңіз:
Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj, бұндағы <lang> сіз пайдаланатын екі әріпті
тіл коды болып табылады. Қажет болса, бағдарламалық
жасақтаманы қайта орнатыңыз. Нұсқаулықтарды алғашқы
іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Өнім атауы, IP адресі немесе Rendezvous немесе Bonjour хост аттары баспа орталығындағы принтер тізімінің өрісінде
көрсетілмеген.
Себеп Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын, өнімнің қосылып және
дайын шамы жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер сіз USB немесе
Ethernet концентраторы арқылы қосылсаңыз, онда
компьютерге тікелей немесе басқа порт арқылы қосылып
көріңіз.
Қате байланыс түрі таңдалған болуы мүмкін. Өнім мен компьютердің арасындағы байланыс тү
ріне
байланысты USB, IP баспасы немесе Rendezvous таңдалғанын
тексеріңіз.
Қате өнім аты, IP адресі немесе Rendezvous хост аты
пайдаланылуда.
Өнімнің атын, IP адресін немесе Rendezvous хост атын
конфигурация бетін басып шығару арқылы тексеріңіз.
ақпарат беттерді басып шығару (60-бет) қараңыз.
Конфигурация бетіндегі аты, IP адресі немесе Rendezvous хост
аты Баспа Орталығындағы өнімнің атына, IP адресіне немесе
Rendezvous хост атына сәйкес келетінін анықтаңыз.
Интерфейс кабелі ақауылы немесе сапасы төмен болуы
мүмкін.
Интерфейс кабелін ауыстырыңыз. Жоғары сапалы кабельді
пайдаланыңыз.
Принтер драйвері Баспа орталығындағы таңдалған өнімді автоматты түрде орнатпайды.
Себеп Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын, өнімнің қосылып және
дайын шамы жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер сіз USB немесе
Ethernet концентраторы арқылы қосылсаңыз, онда
компьютерге тікелей немесе басқа порт арқылы қосылып
көріңіз.
Өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылмаған немесе
дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.
PPD файлы келесі қатқыл диск папкасында екенін тексері
ңіз:
Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj, бұндағы <lang> сіз пайдаланатын екі әріпті
тіл коды болып табылады. Қажет болса, бағдарламалық
жасақтаманы қайта орнатыңыз. Нұсқаулықтарды алғашқы
іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
KKWW Macintosh ақаулықтарын түзету 109










