HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Macintosh принтер драйверінің мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз
Баспа
Macintosh жүйесінде баспаның алдын ала орнатпаларын құру және пайдалану
Қайта пайдалану мақсатымен принтер драйверлерінің ағымды баптауларын сақтау үшін баспаның
алдын ала орнатпаларын пайдалану.
баспаның алдын ала орнатпаларын құру
1. File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
4. Presets (Алдын ала орнатулар) тармағында Save As... (Түрінде сақтау...) батырмасын басып,
алдын ала орнатпа атауын теріңіз.
5. OK басыңыз.
Бас
п
аның алдын ала орнатпаларын пайдалану
1. File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Presets (Алдын ала орнатулар) тармағында пайдаланғыңыз келетін алдын ала орнатпаларды
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер-драйвер стандартты параметрлерін пайдалану үшін Standard (Стандартты)
таңдаңыз.
Құжаттарды немесе баспаларды әдеттегі парақ мөлшеріне өзгерту
Сіз құжатты өзге өлшемді параққа орналастыру үшін масштабтай аласыз.
1. File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Paper Handling (Қағаз жүктеу) мәзірін ашыңыз.
3. Destination Paper Size (Арнаулы Парақ Өлшемі) аумағынан Scale to fit paper size (Парақ өлшеміне
орналастыру үшін масштабтау) мәзірін таңдап, жайыомалы тізімнен өлшемді таңдаңыз.
4. Егер Сіз құжаттан кіші парақтарды ғана пайдаланғыңыз келсе, Scale down only (Тек төмен қа
рай
ма
сштабтау) батырмасын таңдаңыз.
Мұқабаны басып шығару
Сіз құрамында хабарыҚұпия» сияқты) бар құжаттарыңыз үшін түрлі мұқаба беттерін басып шығара
аласыз.
1. File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
22 4-тарау Өнімді Macintosh компьютерімен пайдалану KKWW