HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Желі конфигурациясы
Өнімде белгілі бір желі параметрлерін реттеу керек болуы мүмкін. Кірістірілген веб-серверден осы
параметрлерді реттеу керек болуы мүмкін.
Қолдау көрсетілетін желілік протоколдар
Өнім TCP/IP желілік протоколын қолдайды. Бұл ең көп пайдаланылатын және қабылданған желілік
протокол болып табылады. Көптеген желілік қызметтер осы протоколды пайдаланады. Сонымен
қатар бұл өнім IPv4 және IPv6 протоколдарын қолдайды. Келесі кестелерде өнімде қолдау
көрсетілетін желілік қызметтер/протоколдар тізімі берілген.
Кесте 5-1 Басып шығару
Қызмет аты Сипаттама
порт9100 (Тікелей режим) Басып шығару қызметі
Жолдық принтер демоны (LPD) Басып шығару қызметі
Кесте 5-2 Желілік өнімді табу
Қызмет аты Сипаттама
SLP (Қызмет іздеу протоколы) Желілік құрылғыларды табуда және конфигурациялауда
пайдаланылатын Құрылғы табу протоколы. Негізінен
Microsoft бағдарламалары үшін пайдаланылады.
mDNS (топтық берілімдік домендерге ат беру қызметі -
сонымен қатар Rendezvous немесе Bonjour аттарымен белгілі)
Желілік құрылғыларды табуда және конфигурациялауда
пайдаланылатын Құрылғы табу протоколы. Негізінен Apple
Macintosh бағдарламалары үарқылы пайдаланылады.
Кесте 5-3 Хабар алмасу және басқару
Қызмет аты Сипаттама
HTTP (гипермәтіндік файлдарды жіберу протоколы) Веб-браузерлерге енгізілген веб-сервермен байланысқа
шығуға мүмкіндік береді.
EWS (енгізілген веб-сервер) Пайдаланушыға өнімді веб-браузер арқылы басқаруға
мүмкіндік береді.
SNMP (желілік басқарудың қарапайым протоколы) Өнімді басқару үшін желілік бағдарламаларда
пайдаланылады. SNMP V1, V2 және стандартты MIB-II
(Басқару мәліметтерінің базасы) нысандары қолданылады.
Кесте 5-4 IP адресін беру
Қызмет аты Сипаттама
DHCP (хостты динамикалық конфигурациялау протоколы) Автоматты түрде IP адресін беру үшін. DHCP сервері өнімге IP
адресін береді. Әдетте өнім үшін DHCP серверінен IP адресін
алғанда пайдаланушының араласуын қажет етпейді.
KKWW Желі конфигурациясы 27