HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Кесте 5-4 IP адресін беру (жалғасы)
Қызмет аты Сипаттама
BOOTP (жүктеу протоколы) Автоматты түрде IP адресін беру үшін. BOOTP сервері өнімге IP
адресін береді. Өнімге серверден IP адресін алу үшін
администратор өнімнің аппараттық құралдарының MAC
адресін BOOTP серверіне енгізуі тиіс.
Авто IP Автоматты түрде IP адресін беру үшін. DHCP немесе BOOTP
сервері болмаса, бұл қызмет өнімге бірегей IP адресін жасауға
мүмкіндік береді.
Өнімді желіде орнатыңыз
Бұл конфигурацияда өнім желіге тікелей қосылады және желідегі барлық компьютерлерге өнім
арқылы тікелей басып шығаруға мүмкіндік беру үшін өнімді конфигурациялауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл режим өнім үшін ұсынылған желілік конфигурация болып табылады.
1. Өнімді қосудан бұрын желілік кабельді өнімнің желілік портына жалғау арқылы өнімді тікелей
желіге қосыңыз.
2. Өнімді қосыңыз, 2 минут күтіңіз, содан кейін конфигурациялық бетті басып шығару үшін басқару
панелін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі қадамға өтуден алдын конфигурациялық бетте IP адресінің көрсетілгенін
тексеріңіз. Егер IP адресі көрсетілмесе, конфигурациялық бетті қайта басып шығарыңыз.
3. Өнімнің шағын дискісін (CD) компьютеріңізге салыңыз. Егер орнату бағдарламасы іске қосылмаса,
шағын дискідегі setup.exe файлына барып, оны екі рет басыңыз.
4. Орнату бағдарламасының нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату бағдарламасы желілік адресті сұрағанда, орнату бағдарламасын іске
қосудың алдында басып шығарылған конфигурациялық бетте көрсетілген IP адресін енгізіңіз
немесе өнімді желіден іздеңіз.
5. Орнату үрдісіі аяқталғанша күтіңіз.
Желілік өнімді конфигурациялаңыз
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Сіз енгізілген Веб-серверін IP адресі параметрлерін көру немесе өзгерту үшін пайдалана аласыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол келесідей
қалыпта болады:
xx.xx.xx.xxx
Егер сіз IPv6, пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі таңбалар мен сандардың оналтылық
тіркестерінен тұрады. Ол келесідей қалыпта болады:
28 5-тарау Қосылу сипаттары KKWW