HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

xxxx::xxx:xxxx:xxxx:xxxx
2. Енгізілген Веб-серверін ашу үшін IP адресін Веб-браузер жолағына теріңіз.
3. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Сіз
параметрлерді қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз.
Желілік кілтсөзді орнату немесе өзгерту
Желілік кілтсөзді орнату үшін немесе бар кілтсөзді өзгерту үшін енгізілген Веб-серверін пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб серверді ашып, Желіге қосылу жиекбелгісін басыңыз.
2. Сол жақ панельдегі Кілтсөз батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады. Кілтсөзді
енгізіп, Қолдану батырмасын басыңыз.
3. Құрылғының құпиясөзі аумағында жаңа кілтсөзді Кілтсөз жолағы мен Кілтсөзді растау
жолағына енгізіңіз.
4. Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану батырмасын басыңыз.
IP адресі
Өнімнің IP адресін қолмен орнатуға болады немесе оны DHCP, BootP немесе AutoIP протоколдары
арқылы автоматты түрде конфигурациялауға болады.
IP мекенжайын қолмен өзгерту үшін енгізілген веб серверіндегі Networking (Желіге қосылу)
жиекбелгісін пайдаланыңыз.
Байланыс жылдамдығының параметрі
Қажет болған жағдайда байланыс орнату үшін енгізілген веб серверіндегі Networking (Желіге қосылу)
жиекбелгісін пайдаланыңыз.
Байланыс жылдамдығының параметрін дұрыс емес өзгерту өнім мен басқа желілік құрылғыла
р
арасындағы байланысқа жол бермеуі мүмкін. Көп жағдайларда өнім автоматты режимде қалуы тиіс.
Өзгертулер енгізілгенде өнім ажыратылып қайта қосылуы мүмкін. Өзгертулер өнім бос тұрған кезде
ғана енгізілуі тиіс.
KKWW Желі конфигурациясы 29