HP LaserJet P2030 Series - User's Guide
Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды пайдалану
туралы
Осы құрылғы осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін түрлі басып
шығарғыш арқауларымен жұмыс істеуге арналып жасалған. Аталған талаптарға сай келмейтін
қағазды немесе арқауларды пайдалану мынадай салдарға әкеліп соғуы мүмкін:
●
басып шығару сапасының төмендеуі;
●
қағаздың жиі кептеліп қалуы;
●
құрылғының механикалық бөлшектерінің мерзімінен бұрын тозып, соның салдарынан оның жиі
жөнделуі;
Ең жоғары нәтиже ал
у үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды және лазерлі принтерлерге
арналған немесе әмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз. Сиялы принтерлерге арналған қағаз бен
баспа құралдарын пайдаланбаңыз. HP компаниясы басқа компаниялардың баспа құралдарын
пайдалануды ұсынбайды, себебі HP олардың сапасын бақылай алмайды.
Кейбір жағдайларда тіпті талаптарға сай келетін қағазға басып шығарған кезде де басып шығару
сапасының қ
а
нағаттанарлықсыз болуы байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың,
қолайсыз температура мен ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ HP компаниясының
бақылауы мүмкін емес басқа да мән-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP белгілеген талаптарға сай келмейтін қағазды немесе баспа құралын пайдалану өнімде
проблемалар тудырып, оны жөндеу қажет болуы мүмкін. Мұндай жөндеуге HP компаниясының
кепілдігі немесе те
хникалық қызмет кө
рсету туралы келісімі қолданылмайды.
32 6-тарау Қағаз және баспа медиасы KKWW










