HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

2-науа
Баспа құралын бағыттауыштар баспа құралының принтерге дұрыс енуін және симметриялы түрде
орналасуын қамтамасыз етеді. 2-науаның бүйір және артқы баспа бағыттауыштары бар. Баспа
құралдарын салған кезде бағыттаушы құрылғыларды пайдаланылатын баспа құралдарының
ұзындығына және еніне сәйкес етіп реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жаңа баспа құралдарын салғанда кіріс науасынан барлық баспа құралдарын алып
тастаңыз және жаңа баспа құралдарының жиынын түзетіңіз. Бұл бірнеше баспа құралының
парақтарын принтерге бір уақытта берілуіне жол бермеу арқылы кептелуді азайтады.
A6 өлшеміндегі қағазды салу
A6 өлшеміндегі қағазды салған кезде, артқы баспа құралының бағыттауыштарының ортаңғы панелі
алға сырғыту арқылы ұзындығын дұрыстаңыз.
KKWW Науаларды толтыру 41