HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Баспа тапсырмасын тоқтату
Сіз баспаға сұратуды басқару панелін немесе бағдарламалық құралыңызды пайдалана отырып
тоқтата аласыз. Баспа сұратуын желідегі компьютерден қалай тоқтатуға болатындығы жөніндегі
нұсқауларды нақты желілік бағдарламалық құралға арналған онлайн Анықтамалығынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіз тоқтатқан барлық баспа тапсырмаларын алып тастау үшін біраз уақыт қажет етілуі
мүмкін.
Ағымдағы баспа тапсырмасын басқару панелінен тоқтату
басқару панеліндегі Cancel (Бас тарту) батырмасын басыңыз.
Ағымдағы баспа тапсырмасын бағдарламалық құралдан тоқтату
Сіз баспа тапсырмасын жібергеніңізде экранға қысқа мезетке баспа тапсырмасын тоқтату мүмкіндігін
беретін диалог терезесі шығарылады.
Бағдарламалық құралыңыздан бірнеше сұрау өнімге жіберілген болса, олар баспа кезегінде (мысалы,
Windows Print Manager (Windows Баспаны Басқарушы бағдарламасында) күтіп тұруы тиіс. Баспа
тапсырмасын компьютерден бас тарту жөніндегі нақты нұсқауларды бағдарламалық құрал
құжаттамасынан қараңыз.
Баспа тапсырмасы баспа кезегінде немесе баспа буферінде күтуде бола
тын бол
са, тапсырманы осы
жерден өшіріңіз.
1. Windows XP және Windows Server 2003 (стандартты Бастау мәзірін пайдалана отырып): Start
(Бастау) мәзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып, одан кейін Printers and Faxes
(Принтерлер және Факстар) тармағын тандаңыз.
немесе
Windows 2000, Windows XP, және Windows Server 2003 (Классикалық Бастау мәзірін пайдалана
отырып): Start (Бастау) мәзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып, одан кейін Printers
(Принтерлер) тармағын тандаңыз.
немесе
Wi
ndow
s Vista Start (Бастау) мәзіріндегі Control Panel (Басқару панелі) тармағын нұқып, одан
кейін Hardware and Sound (Аппараттық құралдар және Дыбыс) санатында Printer (Принтер)
тармағын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінде осы өнім атауын екі рет басып, баспа кезегін немесе буферін ашыңыз.
3. Тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын таңдап, Delete (Жою) батырмасын басыңыз.
52 8-тарау Баспа тапсырмалары KKWW