HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

ақпарат беттерді басып шығару
Төмендегі ақпарат беттерін басып шығаруға болады.
Көрсету беті
Көрсету бетінде мәтін мен графика үлгілері беріледі. Көрсету бетін басып шығару үшін төмендегі
әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде
Go (Баста) түймесін басыңыз.
Оны Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі Services бетіндегі жайылып
түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен таңдаңыз.
Конфигурация беті
Конфигурация бетінде ағымдағы параметрлер мен принтер қасиеттерінің тізімі көрсетіледі. Сондай-ақ
онда принтердің жай-күйі туралы журнал есебі беріледі. Конфигурация бетін басып шығару үшін
төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде
Go (Баста) түймесін басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
Оны Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі Services бетіндегі жа
йылып
түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен таңдаңыз.
Қорлар туралы бет
Қорлар туралы бетті Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі Services бетіндегі
жайылып түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен таңдау арқылы оны
басып шығаруға болады. Қор туралы бетте төмендегі ақпарат беріледі:
Принтердің катриджі шамамен қанша бет басып шығаруға жететіндігі туралы мәлімет.
Өңделген беттер мен баспа тапсырмаларының саны.
Тапсырыс беру және қайта пайдалану туралы ақпарат
60
9-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW