HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Желілік өнімді басқару
Енгізілген веб-сервер
Енгізілген веб сервері өнімді және желі мәртебесін көруіңізге және компьютеріңіздегі баспа
функцияларын басқаруыңызға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау үшін енгізілген веб
серверін пайдаланыңыз:
Өнім мәртебесі жөніндегі ақпаратты көру.
Барлық материалдардың қалған қызмет ету мерзімін анықтау және жаңаларына тапсырыс беру
Әрбір науаға салынған қағаздың өлшемі мен түрін қарау және өзгерту
Өнімнің әдепкі конфигурациялау параметрлерін қа
рау және өзгерту
Желінің конфигурациясын көру және өзгерту
Сізге компьютерге бағдарламалық жасақтаманы орнатудың қажеті жоқ. Осындай қолдаудағы веб
шолғыштарының біреуін пайдаланыңыз:
Internet Explorer 6.0 (және кейінгісі)
Netscape Navigator 7.0 (және кейінгісі)
Firefox 1.0 (және кейінгісі)
Mozilla 1.6 (және кейінгісі)
Opera 7.0 (және кейінгісі)
Safari 1.2 (және кейінгісі)
Konqueror 3.2 (және кейінгісі)
Өнім TCP/IP желісіне қосылғанда, енгізілген веб сервер істемейді. Енгізілген веб се
рвер IP
X
қосылымдарын немесе тікелей USB қосылымдарын қолданбайды.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген Веб серверін ашып, пайдалану үшін Интернет байланысы қажет емес.
Дегенмен, кез келген бетте берілген сілтемені бассаңыз, сол сілтемемен байланыстырылған сайтқа
бару үшін Интернет байланысы болуы қажет.
Енгізілген Веб серверін ашыңыз
Енгізілген веб серверді ашу үшін IP мекенжайын немесе өнімнің хост атауын қолдаудағы веб-
шолғышының мекенжай өрісіне енгізіңіз.
КЕҢЕС: URL (Universal Resource Locator - әмбепап ресурс орны) ашылғаннан кейін оған келешекте
оңай қайта оралу үшін оның бетбелгісін жасап қойсаңыз болады.
Енгізілген веб-сервері параметрлер мен өнім туралы ақпараты бар үш жиекбелгісінен құралған.
Ақпарат жиекбелгісі, Settings (Параметрлер) жиекбелгісі және Networking (Желіге қосылу)
жиекбелгісі.
Ақпарат жиекбелгісі
Бұл жиекбелі өнім және жабдық мәртебесі, өнім және желілік конфигурация және жабдыққа қайта
тапсырыс беру туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
KKWW Желілік өнімді басқару 61