HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Параметрлер беті
Бұл жиекбелгі компьютеріңіздегі өнімді конфигурациялауыңызға мүмкіндік береді. Егер өнім желіге
қосылса, осы жиекбелгідегі параметрлерді өзгертудің алдында желілік әкімшімен ақылдасыңыз.
Желі құру беті
Бұл жиекбелгі желілік әкімшінің ІР желісіне қосылғанда өнімнің желіге қатысты параметрлерін
басқаруына мүмкіндік береді.
Сілтемелер
Сілтемелер Status (Жай-күй) беттерінің жоғары оң жақ бөлігінде орналасқан. Бұл сілтемелердің кез
келген біреуін ашу үшін Интернет байланысы болуы қажет. Егер Интернетке телефон нөмірін теріп
кіріп жүрген болсаңыз және енгізілген Веб сервері ашылған кезде оған қосылмаған болсаңыз, бұл Веб
сайттарына кірерден бұрын байланысты орнатуыңыз қажет болады. Байланыс орнату үшін енгізілген
Веб серверін жауып, қа
йтадан аш
у қажет болуы мүмкін.
Order Supplies (Қамсыздандыру құралдарына тапсырыс беру). Бұл сілтемені басып, Sure Supply
Web сайтына кіріңіз және таңдауыңыз бойынша HP компаниясынан немесе делдалдан нағыз HP
қамсыздандыру құралдарына тапсырыс беріңіз.
Өнімді қолдау. Өнімді қолдау торабына қосылу үшін осы сілтемені басыңыз. Жалпы
тақырыптарға қатысты анықтаманы іздеуіңізге болады.
Енгізілген веб-серверді қауіпсіздендіру
Сіз кейбір жиекбелгілерді қолдану кілтсөзді талап ету үшін енгізілген веб серверін конфигурациялай
аласыз.
62 9-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW