HP LaserJet P2030 Series - User's Guide
Қамсыздандыру материалдары мен қосалқы бөлшектерді
ауыстыру
Қамсыздандыру материалдарды ауыстыру жөніндегі жалпы нұсқаулар
Өнімді орналастыру кезінде келесі жалпы нұсқаулар есіңізде болсын.
●
Қамсыздандыру материалдарын алып тастау үшін өнімнің үсті мен алдында жеткілікті бос орын
болу қажет.
●
Өнімді тегіс және сенімді жерге орналастыру қажет.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы осы өнімде HP жабдықтарын пайдалануды ұсынады. Егер HP шығармаған
жабдықтарды пайдалансаңыз, HP компаниясының кепілдігі немесе қызмет көрсету келісімдері
қамтымайтын проблемаларға әкелуі мүмкін.
Тонерді қайта үлестіру
Тонер азайған кезде басылған бетте өңсіз немесе ашық түсті салалар пайда болады. Тонерді қайта
жаймалап шығып, баспа сапасын уақытша жақсартуға болады.
1. Баспа картриджін ашатын батырманы басып, баспа картриджін шығарыңыз.
2. Тонерді қайта жаймалап шығу үшін баспа картриджін ақырындап алға-артқа шайқатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық суға
шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады.
66 9-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW










