HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

Өнімді тазалау
Қажет болғанда, принтердің сыртын таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің үстін немесе жан-жағын тазалау үшін аммиакқа негізделген тазалағыштар
пайдаланбаңыз.
Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер және шаң жиылып қалу мүмкін. Уақыт өткен
сайын бұл жиналған қалдықтар тонердің дақтары немесе айғыздарының пайда болуы және
қағаздардың кептелуі сияқты проблемаларға әкеп соғып, баспа сапасын нашарлатуы мүмкін. Бұл
проблемаларды түзету және жою үшін баспа картриджінің айналасы мен принтердің баспа құралдары
өтетін жолды тазалауға болады.
Баспа картриджінің аумағын тазалау
Картридждің айналасын жиі тазалаудың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл тұсты тазалау басып шығарылған
парақтардың сапасын жақсартуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алып қалмау үшін өнімді өшіріп, электр қуат кабелін ажыратыңыз, содан
кейін оны тазалаудың алдында өнімнің салқындағанын күтіңіз.
1. Баспа картриджінің есігін ашып, баспа картриджін шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің ішіндегі қара губкалы шығыршыққа тиіспеңіз. Бұл өнімге зақым келтіруі
мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін қағазбен
жауып қойыңыз.
KKWW Өнімді тазалау 69