HP LaserJet P2030 Series - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін мөлдір парақты пайдаланыңыз. Егер сізде
ешқандай диапозитивтер болмаса, көшіру бағдарламасының жоғары сапалы қағазын (70-90 г/м
2
)
пайдалануыңызға болады.
1. Өнімнің күту режимінде тұрғанына және Дайын шамының қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Диапозитивті 1-науаға салыңыз.
3. Тазалағыш бетті басып шығарыңыз.
Windows 1. Принтер драйверінің Properties (Сипаттар) экранын ашып, Device Settings
(Құрылғы параметрлері) жиекбелгісін басыңыз.
2. Cleaning Page (Тазалау беті) аумағында Start (Бастау) батырмасын
басыңыз.
Macintosh 1. HP принтер утилиталарын ашыңыз.
2. Cleaning Page (Тазалау беті) опциясын таңдаңыз, содан кейін OK
батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалау үрдісі шамамен 2 минут алады. Тазалау беті тазалау үрдісі кезінде уақытылы
тоқтайды. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, өнімді өшірмеңіз. Сізге өнімді мұқият тазалау үшін тазалау
үрдісін бірнеше рет қайталау керек болуы мүмкін.
1-науаның желімді білігін тазалаңыз
Егер өнімде 1-науадағы қағазды алу кезінде ақаулық байқалса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Өнімді өшіріп, электр қуат кабелін ажыратыңыз, содан кейін өнімнің салқындауын күтіңіз.
KKWW Өнімді тазалау 71