HP LaserJet P2030 Series - User's Guide
Жалпы ақаулықтарды түзету
Егер өнімнен дұрыс жауап келмесе, келесі тексеру тізімдегі қадамдарды орындаңыз. Егер өнім сол
қадамнан өтпесе, келесі ақаулықтарды түзету ұсыныстарын орындаңыз. Егер орындаған қадам
ақаулықты түзетсе, сіз тексеру тізімдегі қалған қадамдарды орындамай тоқтануыңызға болады.
ақаулықтарды түзетуге арналған тексеру тізімі
1. Өнімнің Дайын шамы жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер ешқандай шам жанып тұрмаса, келесі
қадамдарды орындаңыз:
а. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
ә. Электр қосқышы қосылып тұрғанын тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу талаптары
жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын қолданып,
оның кернеу талаптары ерек
шеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қорек розеткасына
қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған жерлерін
тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ә. Мүмкін бо
лса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз.
3. Басқару панелі шамдарының жанғанын тексеріңіз.
Мәртебе шамының үлгілері (83-бет)
қараңыз.
4. Сіз қолданып отырған қағазыңыз ерекшеліктерге сай келетінін тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ақпарат беттерді басып шығару (60-бет) қараңыз.
а. Егер бет басып шығарылмаса, кемінде бір науада қағаздың болуын тексеріңіз.
ә. Егер қағаз кептеліп қалса,
Кептелуді тазалау (92-бет) қараңыз.
6. Егер конфигурация беті басылып шықса, келесіні тексеріңіз.
а. Егер бет дұрыс басылып шықпаса, онда ақаулық өнімнің аппараттық құрылғысында болуы
керек. HP Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
ә. Егер бет дұрыс басылып шықса, онда өнімнің ақпараттық құрылғысы жұмыс істеп тұрғаны.
Проблема пайдаланып отырған компьютеріңізде, принтер драйверінде немесе
бағдарламалық жасақта.
7. Келесінің бірін та
ңдаңыз:
Windows: Start (Бастау) мәзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып, одан кейін Printers
(Принтерлер) немесе Printers and Faxes (Принтерлер мен Факстар) тармағын таңдаңыз. Өнімнің
атын қос нұқыңыз.
–немесе–
80 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW










